Museum Мемориалдық кешен
- Download the applinks
- iOS
- Android
- Windows Phone
Museuminfo
Om museet
«Қазақ хандығының мемориалдық кешені» сәулетті кешені 2021 жылы Түркістан қаласында Елбасының бастамасымен ұлттық жадының символы ретінде, Қазақстанның алғашқы мемлекеттілігінің негізін қалаушылар мен сақтаушылар – қазақ хандарына арнап тұрғызылды. XVI-XVIII ғасырларда Түркістан Қазақ хандығының астанасы болды. Хандар бұл қаланың жас мемлекеттің құрамына кірген халықтардың бірлігі үшін геосаяси және рухани маңыздылығын білді. Түркістан әрдайым түркі әлемінің бастау алған орталығы және Қожа Ахмет Яссауидің рухани мұрасының символы ретінде қазақ мемлекеттілігі идеясымен тығыз байланысты болды. «Әзірет Сұлтан» кесенесі қасиетті, қастерлі орынға айналды - көрнекті тарихи тұлғалар: хандар, билер, батырлар, ғалымдар мен ақындар пантеонына айналды.
Мемориал - қазақ мемлекеттілігінің тарихи прототипі ретінде бейнелейтін биіктігі жеті метрлік ақ тастан, жиырма бір бағанадан тұратын киіз үй композициясы болып табылады. Барлық құрылым диаметрі отыз бес метр болатын сатылы биіктікте орналасқан. Мемориалдың әр элементінің өзіндік мәні бар: кереге - халықты бейнелейді, уықтар – шаыңрақ, аспанның ұлы билігін қолдайтын заңның рухани билігін білдіреді. Және олар біртұтас, бөлінбейтін құрылымды құрайды, мұнда барлық компоненттер бір-біріне байланысты және тәуелді болады. Дала демократиясы осылай қалыптасты. Осы қағидалар бойынша Қазақ хандығы құрылды. Жиырма бір уық – «Әзірет Сұлтан» кесенесінде және оның қасында жерленген қазақ хандарының саны. Әрбір тіректе мемориалды тақтада ханның аты жазылған. QR кодының көмегімен олар туралы көбірек ақпарат білуге болады.
Архитектуралық кешеннің орталық бөлігінде гранитті биіктікте хан таяқшасы түріндегі он екі метрлік қола стела орналасқан, оның негізінде хандардың мәңгілік тыныштықтығын сақтаушылары ретінде төрт тау-теке фигуралары орналасқан. Стеланың жоғарғы жағында күн мен ай түрінде көрсетілген аспан күшінің бейнесі орналасқан.
Мемориалдық кешеннің авторлары: Кутдусов Ринат Алекович, Моряк Константин Петрович, Копылов Сергей Николаевич, Жұмай Нүркен Серікұлы, Даубаев Естай Серикбаевич, Жақыпбек Әсет Камалбекұлы.
Ғылыми кеңесші: Аяған Бүркітбай Ғелманұлы.
Föremål
Utställningar med ljud
-
Қазақ хандығының мемориалдық кешені
-
"Қазақ хандығының тарихы" барельефі
-
КЕРЕЙ ХАН
-
ЖӘНІБЕК ХАН
-
БҰРЫНДЫҚ ХАН
-
ҚАСЫМ ХАН
-
ХАҚНАЗАР ХАН
-
ШЫҒАЙ ХАН
-
ТӘУЕКЕЛ ХАН
-
ЕСІМ (ЕШМҰХАММЕД) ХАН
-
САЛҚАМ ЖӘҢГІР ХАН
-
ӘЗ ТӘУКЕ ХАН
-
ҚАЙЫП ХАН
-
БОЛАТ ХАН
-
ӘБІЛМӘМБЕТ ХАН
-
АБЫЛАЙ ХАН
-
ӘБІЛХАЙЫР ХАН - КІШІ ЖҮЗ БИЛЕУШІСІ
-
СӘМЕКЕ ХАН - ОРТА ЖҮЗ БИЛЕУШІСІ
-
ЖОЛБАРЫС ХАН
-
НҰРАЛЫ ХАН - КІШІ ЖҮЗ БИЛЕУШІСІ
-
БӨКЕЙ ХАН - БӨКЕЙ ОРДАСЫ БИЛЕУШІСІ
-
УӘЛИ ХАН - ОРТА ЖҮЗ БИЛЕУШІСІ
-
КЕНЕСАРЫ ХАН
-
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАРЫ
-
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫЛАР
-
Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде және Түркістан қаласындағы оған іргелес аумақта жерленген хандар.
Recensioner
2 recensioner
Recensera den här turen-
12-05-2023
Өте күшті
-
09-11-2023
Хороший аудиогид, жаль, не все портреты доступны
Ladda ner appen izi.TRAVEL gratis
Skapa dina egna ljud-turer!
Användningen av systemet och den mobila guide-appen är helt gratis