Audio tour

Audio tour Шығыс өнері

А.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейіндегі Шығыс өнері қоры Қытай, Үндістан, Жапония, Корея және осы өңірдің өзге де мемлекеттерінің көркем мәдениетін танытатын 2000-ға жуық экспонатты қамтиды. Шығыс мәдениетіне тән өнер туындыларын жинақтау үрдісі 1935 жылдан басталып, бүгінге дейін жалғасып келеді. Мемлекеттік Эрмитаж бен Шығыс халықтары өнері мемлекеттік музейі сыйға тартқан экспонаттармен қатар, музей жекелеген жеке коллекциялардан да құнды бұйымдарды сатып алып отырды. Осындай ерекше құндылыққа ие экспонаттардың бірі – белгісіз қытай шеберінің XVI ғасырда өсімдік тектес бояумен жібекте орындалған түрлі түсті тушь техникасындағы шиырма (свиток) жұмысы. Бұл туынды суретшінің жоғары шеберлігін ғана емес, Мин әулеті дәуіріндегі Қытайдағы әйелдер бейнесінің сол кезеңге тән типін, олардың қоғамдағы мәртебесін толық сипаттап көрсетеді. Қордағы көптеген шығармалар 1960–1980 жылдары сатып алынған. Мәселен, 1986 жылы жеке коллекциядан қор құрамына «Сопақ пішінді айна» келіп түсті. Қызыл ағаштан жасалып, інжу-маржан және ақ нефритпен нақышталған бұл бұйым қолданбалы өнер туындысы ретінде құнды болумен қатар, иесінің діни нанымдары мен әлеуметтік мәртебесін айқын танытатын көркемдік мәнге ие.

Қытай – фарфордың отаны. Бүгінгі күні де бұл нәзік әрі көркем өнер түрін өндіруде әлемдегі жетекші орындардың бірін заңды түрде иеленіп келеді. Қолданылатын технологиялардың кемелдігі мен алуан түрлілігі қытай шеберлерінің бүгінге дейін үлкен құпия ретінде сақтап келе жатқан асыл мұрасы болып табылады.

Музей қорында Қытай шеберлерінің ғана емес, сондай-ақ үнді және жапон қышшыларының қолынан шыққан экспонаттар да сақталған. Фарфордан жасалған бұйымдардың басым бөлігі соңғы төрт ғасырдың кезеңіне жатады. Бұл туындылар конструкциялық пішіндердің әр алуандығын, сәндік-мотивтік шешімдердің байлығын көрсетіп, табиғи материалға деген нәзік көзқарас пен жоғары кәсіби шеберлікті айқын дәлелдейді.

Шығыс шеберлерінің қоладан жасалған бұйымдары ежелден-ақ өздерінің теңдессіз шеберлігімен әлемге танылған. Олар дайындалу технологияларын терең меңгеруімен және ерекше нәзік көркемдік өңдеуімен ерекшеленеді. Шива мен оның піл басты ұлы Ганешаға арналған тұрмыстық ритуалдық бұйым – үй «Алтарында» қоладан құйған шебер жинақы композициялық шешімді аса ұқыптылықпен ойластырып, сан түрлі детальдардың үйлесімді пропорциясын дәл тапқан. Мұнда пілдердің ауыр жүрісі мен еліктің жеңіл, әрі сұлу шапқыласының контрасты шеберлікпен берілген.

Лактан жасалған бұйымдар, арақабырғалық эмаль техникасындағы заттар, ағаш пен піл сүйегінен ойып жасалған дүниелер, жартылай асыл тастардан, айрықша тоқыма мен кесте тігу өнерінен туындаған өнер туындылары – бұл аймақ халықтарының тұрмысын көркемдік жағынан толықтыратын сәндік қолданбалы өнердің маңызды элементтері. Олар бүгінгі күні де бізді өнер құпиясының тылсымымен бетпе-бет келтіріп, оны тануға деген қызығушылығымызды оятады. Қолданылған техникалық әдіс-тәсілдердің байырғы алуан түрлілігі, есімдері беймәлім шеберлердің терең білімі мен жоғары мәдениеті, Шығыс халықтарының рухани әлеуеті. Мұның бәрі бұл туындылардың баға жетпес құндылығын айғақтайды.

Tour stops

Reviews

No reviews yet

  • No reviews yet. Be the first to review!

Download the free izi.TRAVEL app

izi.TRAVEL app on iOS and Android

Create your own audio tours!

Use of the system and the mobile guide app is free

Create a guide

izi.TRAVEL CMS for creating audio tours