Museum

Museum Алматы музейі

QR code

Museum info

About the museum

Алматы музейі 2002 жылы ашылды. Музей Алматы қаласының бас музейіне,
мәдени-ағарту, ғылыми-зерттеу мекемесіне айналды. Музей экспозициясы қаланың
аумағы және оның төңірегіндегі алғашқы қоныстар мен тұрақтардың пайда болған кезінен
бастап бүгінгі күнге дейінгі қала тарихынан сыр шертетін құнды жәдігерлер топтамасын
ұсынады. Музейде «Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы», «Верный кезеңі», «Бүгінгі
Алматының тарихы» кезеңдері бойынша ғылыми-экспозициялық бөлім жұмыс істейді.
Музей құрамында мәдени және табиғи ландшафт сақталған болашақта ашық аспан
астындағы музей болатын «Боралдай сақ обалары» әулеттік патшаларды жерлеу кешені
бар. Музей коллекциялары қаланың 1000 жылдық тарихынан мәлімет беретін 35 мыңға
тарта экспонаттарды құрайды. Музей тарихи-мәдени мұралардың үнемі сақталып
насихатталуына халықаралық конференциялар, көрмелер, дөңгелек үстелдер өткізіп
тұрады.
2016 жылы, 19-шы ғ. басы мен 20 ғ. аяғында қаланың қалыптасуына үлкен үлес
қосқан атақты Верный сәулетшісі француз Поль Гурдэның жобасы бойынша 1892 жылы
салынған тарихи ғимаратта музейдің жаңа экспозициясы ашылды.

Plan your visit

  • Sponsors of this museum

  • Create your own audio tours!

    Use of the system and the mobile guide app is free

    Start

    App preview on iOS, Android and Windows Phone