Museum ҚР Мемлекеттік орталық музейі
- Download the applinks
- iOS
- Android
- Windows Phone
Museumsinfo
Über das Museum
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі – тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орта Азия аумағына танымал, бірегей әрі көне музейлердің бірі. Оның қоры 300 мыңға жуық материалдық және рухани мәдениет құндылықтарынан тұрады. Қазіргі таңда музейде тұрақты жеті экспозициялық зал жұмыс істейді, түрлі мазмұндағы коллекциялар көрерменге Қазақстанның байырғы палеонтологиясы, ежелгі, ортағасыр, жаңа және қазіргі заманғы тарихы мен мәдени мұрасы жайлы толыққанды мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Жалпы музей экспозициясы қазақтардың бүкіл тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетінің ежелгі дәуірден бастап қазіргі заманға дейінгі «музейлендірілген» моделі болып табылады. Музей коллекцияларын құру туралы бастама ХІХ ғасырдың 30-жылдары қолға алынды. Оның негізі Орынбордағы Неплюев әскери училищесінде «Орынбор өлкесіндегі Музеум» деген атпен ұйымдастырылды. Оны ұйымдастырушылардың бірі – белгілі тіл маманы, «Орыс тілінің түсіндірме сөздігінің» авторы Владимир Даль. Әр жылдарда музей қорының құрамы Жетісу облысы (1929 ж.) мен республикалық атеизм музейінің (1941 ж.) коллекцияларымен толығып отырды. Музей 1904-1907 жж. Алматы қаласындағы вернендік белгілі архитектор А.П. Зенковтың жобасы бойынша салынған тамаша архитектуралық кешен – Вознесенский Кафедралды соборына орналасты. 1920 ж. Қазақ автономиялық республикасының басшылық қаулысымен Орталық Қазақ өлкетану музейі құрылды. Осы сәтте Орынбор губерниясы музейіндегі коллекциялардың бір бөлігі жаңадан құрылып жатқан Орталық өлкетану музейіне берілді. Алайда, ҚР МОМ-ның толыққанды қалыптасуы, Орталық өлкетану музейін Қазақ Автономиялық республикасының жаңа астанасы – Алматыға көшіруімен байланысты, 1929 жылы ғана толығымен аяқталды. 1944 жылы музей 1-категорияға жатқызылып, өзінің қазіргі – Қазақстанның Мемлекеттік Орталық музейі атауына ие болды. Бұдан кейінгі жылдары да өзінің қалыптасуы мен дамуында Мемлекеттік орталық музей еліміздің басты мәдени-ағартушы және ғылыми мекемелерінің бірі ретінде республиканың дамуына қомақты үлес қосты. XIX ғасырда өз қызметін бастаған, ХХ ғасырдағы бар қиындықты бастан өткерген Орталық музей еліміздегі өзге де музейлердің ұйымдастырылуы мен дамуына атсалысты. Орынбор, Қызылорда, Алматы кезеңдерін басынан өткерген, өлкеміздің археологиялық, этнографиялық және географиялық байлықтарын зерттеуде белгілі нәтижеге қол жеткізген музей көпшілікті ел тарихымен таныстырды. Орта Азия мен Қазақ өлкесіндегі ең үздік архитектуралық ғимарат болып есептелетін музейдің қазіргі ғимараты 1985 жылы Ю.Ратушный, З.Мұстафина және Б.Рзағалиевтардың жобалары бойынша салынған еді. Мұндағы көрме экспозициясы 7000 шаршы метрді құраса, музейдің жалпы ауданы 20 мың. шаршы метрді құрайды. Музейдің қор коллекциясы тарихи, археологиялық және этнографиялық сипаттағы 300 мыңға жуық сақтам бірліктен тұрады. Музей экспонаттарының қатарында мәдени дәстүр мен ерте дәуірден бастап қазіргі заманға дейінгі Қазақстанның тарихынан көрініс беретін материалдық мәдениеттің тамаша ескерткіштері кездеседі.
Planen Sie Ihren Besuch


- Zentrales Staatliches Museum der Republik Kasachstan, 44, Самал 1-й микрорайон, Самал 1, Медеу ауданы, Almaty, 005051, Kasachstan
- http://csmrk.kz/
Ausstellungsstücke
Ausstellungsstücke mit Audioinformationen
-
БИЛІК АТРИБУТТАРЫ
-
ЕР-ТҰРМАН
-
САҚИНА, ЖҮЗІК, БІЛЕЗІК
-
ҚАРУ-ЖАРАҚ
-
КИІЗ ҮЙ
-
Жалаулы қазынасы
-
Қарғалы көмбесі
-
Покровтық екінші обаның алтындары. б.з.д. V ғасыр
-
Шілікті қорғандары алтыны (б.з.д. VIIІ-VI ғасырлар)» 2003-2004 жж. экспедиция қазбасы.
-
Шілікті қорғандары алтыны (б.з.д. VIIІ-VI ғасырлар 1949 ж. экспедиция қазбасы және Тарасу (б.з.д. V-IV ғғ.)» кешені
-
«Шірік рабад қорымы алтыны (Б.з.д. IV-II ғасырлар)» кешені.
-
«Қылышжар (б.з.д. ІІІ-І ғғ.) және Төменгі Каменка» қорымдарынан алынған материалдар.
-
Соғды күміс ыдыстары
-
Ежелгі монеталар
-
Хивин қазынасы
-
Эволюция теориясы
-
Расалардың таралуы
-
Адамзаттың рассалық класификациясы
-
Архантроптар, неандертальдықтар.
-
Сунгир, Неолит.
-
Сақ дәуірі
-
Берел қабірінің көрнісі
-
Үйсін, Ғұн, Сармат тайпалары.
-
Түркі дәуірі
-
Хандар
-
Антропологиялық зерттеулер
Bewertungen
4 Bewertungen
Diese Tour bewerten-
08-09-2024
По куар коду можно послушать экскурсию по музею. т Это замечательно. НО. на странице есть кнопка Для вас подготовлен экскурс. Скачайте файл. При нажатии о уществояется переход на левый сайт и снимаются деньги. Устраните это.
-
10-31-2022
Здание само шикарное. Экспозиция интересная. Юрта понравилась. Но интерактива совсем нет. С современными технологиями это без проблем можно было бы реализовать. А так достаточно скучно и не интересно смотреть. Особенно с детьми. Про саму организацию процесса входа в музей (идет ремонт и не понятно куда входить) и покупки билета не удивило. Уже достаточно этого встретил в государственных заведениях.
-
12-19-2021
класссс
-
12-15-2018
Only five stories? For "Central State Museum"? It's a joke.
Kostenlose izi.TRAVEL-App herunterladen
Erstellen Sie Ihre eigenen Audio-Touren!
Die Verwendung des Systems und der mobilen Stadtführer-App ist kostenlos.
