Audio tour

Audio tour Қазақстан сәндік-қолданбалы өнері

Қазақ халық қолданбалы өнерінің дәстүрлі түріне киіз басу, тоқыма тоқу, кесте тігу, күмістен әйелдердің әшекей бұйымдарын жасау, ағаш өңдеу, металл өңдеу, тері мен сүйек өңдеу кәсіптері жатады.

Халық шеберлері ағаштан киіз үй, шағын көлемді жиһаз, ер-тұрман, музыка аспаптары мен ыдыстар жасады. Сандықтар мен азық-түлік сақтайтын кебежелерге ойып өрнек салды, домбыра мен қобызға, асадалға, төсек ағаштарға сүйек бастырмалар қондырды.

Бірыңғай стильде әрі біртұтас жинақ етіп жасалған ат ер-тұрмандары көшпелі өмірдің маңызды атрибуттары (белгілік заттары) болды.

Текемет пен сырмақ киіз үйді жасандыруда атқаратын қызметі зор болды.  Ердің ағаш қастарын күмістеп оймаланған және қалыпталған пластина, ертоқымға тері бастырып, жүген, өмілдірік, тартпаны ұсақ фигуралы айылбастармен және түсті эмальмен әрледі. Текеметтер мен сырмақтар, түрлі тоқыма бұйымдар – түкті және тақыр кілемдер, киіз үйдің құрастырма бөліктерін байластыратын тоқыма баулар мен әшекейлер, үй ішіне жылу шашып, ұқыптылық беріп тұратын жұмсақ дорбалар мен тыс-қаптар тоқыды.

Қазақ зергерлері жоғары кәсіби және хас шеберліктерімен есімдері ерекше аталатын болды. Экспозицияда түстері көз тартатын полихромды формада жасалған бірегей кестелі тұскиіздер ілінген, отбасы бақыты мен берекесін бейнелейтін өңіржиектер, алқалар, шомбал білезіктер, шекеліктер, қапсырмалар, асыл және жартылай асыл тастардан көз қондырылған сырғалар мен жүзіктер қойылған.

Ғасырлар бойы жиналған қоршаған әлем туралы бейнелеу өнерінің қорын қазақ халқы өзінің бай ою-өрнек өнерінде көрсете алды. Бұйымдар декорында тірі табиғаттың образы ежелгі наным-сенімдер мен космогониялық мифтердің жаңғырықтарымен астаса өріліп жатқан ою-өрнектердің геометриялық, зооморфтық, астралдық, өсімдік және антросморфтық ырғақ-сарындары бар.

Қазақтың оптимистік және  шаттыққа толы ерекше бітімді халықтық қолданбалы өнері аттары беймәлім шеберлердің бірнеше буыны жасаған көне дала мәдениетінің ғасырларға созылған дәстүрлері мен терең символикалық бейнесін береді.

Fermate tour

Recensioni

Non esistono ancora recensioni

Scrivi una recensione per primo
A minimum rating of 1 star is required.
Please fill in your name.

Crea i tuoi audio tour!

L'uso del sistema e l'app di guida per dispositivi mobili sono gratuiti

Avvia

App preview on iOS, Android and Windows Phone