Audio tour

Audio tour Жымпиты – Күнбатыс Алашорда астанасы

QR code

2 sights

  1. Audio tour Summary
  2. Audio tour Summary

     Алашорда үкіметінің батыс қанаты – Күнбатыс Алашорда Сырым ауданы  орталығы Жымпиты селосында құрылған.Кіндік қаны Сырым елінде тамғанҚадыр Мырза-Әлі былай деп жырлайды:

    Осында ел ұрандасқан, айғайласқан

    Бұл жерге жау аяғын байқай басқан,

    Ерліктің етегінен ұстап тұрып,

    Еркіндік осы арада тәй-тәй басқан.

    Күнбатыс Алашордасының орталығы болған Жымпиты ауылында Алаш тарихымен байланысты бірнеше ғимарат сақталған. Оның бірі – Күнбатыс Алашорданың кеңсесі, екіншісі – ХІХ ғасырға тиесілі мұсылмандар мешіті. Алаш жұрты азаттыққа қол созған 1917-1918 жылдары Алашорданың батыс қанаты ең ұзақ: 19 ай – 578 күн бойы өмір сүрген. Бүгінде Жымпиты ауылында Алаш аллеясы, Алашорда музейі жұмыс істейді. Алашорданың Батыс бөлімі, Күнбатыс Алашорда, Батыс Алашорда - XX ғасыр басында Батыс Қазақстан аймағында орнаған ұлттық-мемлекеттік «Алаш автономиясының бір қанаты (немесе құрамдас бөлігі)». 1918 жылы қыркүйекте Уфа Директориясын кұру мәжілісіне Алашорда үкіметі тарапынан 12 делегат қатысты. Олар 11 қыркүйекте автономиялық үкімет төрағасы Әлихан Бөкейхановтың және Халел, Жаһанша Досмұхамедовтер (Орал), Бақтыгерей Құлманов, Уәлитхан Танашев (Бөкей ордасы), Сағындық Досжанов (Орынбор), Есенғали Тұрмұхамедов, Бижан Жанқадамов (Ақтөбе), сондай-ақ Ахмет Бірімжанов (Торғай), Әлімхан Ермеков, Мұхаметжан Тынышбаев (Жетісу) сияқты үкімет мүшелерінің катысуымен төтенше мәжіліс өткізді.

           Мәжілісте Алаш автономиясының жергілікті басқару жүйесі туралы мәселені талқылап, бұрынғы «Ойыл уәлаяты» Уақытша үкіметін тарату, оның орнына Алашорданың Батыс бөлімін құру туралы шешім шығарды. Ол ресми түрде «Алаш автономиясының батыс бөлігін басқару жөніндегі бөлімше» деп аталды. Оның төрағалығына Ж.Досмұхамедұлы сайланды. Алашорданың Батыс бөлімінің әкімшілік құзіретіне бұрынғы «Ойыл уәлаятының» жеріне коса Бөкей ордасының, Ақтөбе, Ырғыз уездерінің (Закаспий облысы) аумағы кірді. Яғии Уфа мәжілісінің шешімінен кейін бұрын «облыстық қазақ комитеті», «Ойыл уәлаяты» аталған Күнбатыс Алашорданың жер аумағы 2 есе өсіп, тұрғын халқының жалпы саны 1,5 млн. адамға жетті.

  3. 1 Алаш музейі
  4. 2 «Алаш арыстары» аллеясы
  5. 3 Мұсылмандар мешіті

Reviews

A minimum rating of 1 star is required.
Please fill in your name.

Create your own audio tours!

Use of the system and the mobile guide app is free

Start

App preview on iOS, Android and Windows Phone