博物馆

博物馆 СӘБИТ МҰҚАНОВТЫҢ МУЗЕЙ-ҮЙІ

QR code

博物馆信息

关于博物馆

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен (№104, 1999ж. 8 ақпан) С. Мұқановтың музей-үйі (21 қараша, 1978 ж. М.Төлебаев көшесі, 125) және Ғ.Мүсіреповтің музей-үйі (9 қазан, 1987ж. Қарасай батыр көшесі, 49) «әдеби мұражайлардың қаржылық  және материалдық-техникалық базасын нығайту, олардың ғылыми-зерттеу және ғылыми-ағарту жұмысы саласындағы қызметін жақсарту мақсатында» әкімшілік-басқару жағынан біріктіріліп,  «С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық музей кешені» болып қайта құрылды. 2014 жылдың 20 қазанынан бастап Алматы қаласы Мәдениет  басқармасының «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК-нің құрамына кірді.

Музей кешенінің қорында 12 мыңнан астам жәдігерліктер бар.

Қазақ әдебиетінің классигі, ХХ ғасырдағы аса көрнекті жазушы, қоғам қайраткері, драматург, ақын, академик  Сәбит Мұқанов (1900-1973) шын мәніндегі халықтың өз ортасынан шыққан, қазақ халқының ыстық ықылас-ілтипаты мен үлкен құрметіне бөленген ірі тұлға. С.Мұқановтың әдеби-мемориалдық музей-үйін ашу туралы Үкімет Қаулысы 1976 жылы қабылданып, 1978 жылдың 21-қарашасынан бастап алғашқы келушілеріне қызмет көрсете бастады. Музей жазушының 1965-1973 жылдар аралығында тұрған, яғни өмірінің соңғы сегіз жылын өткізген үйде ұйымдастырылған. Күні бүгінге дейін мұражай экспозициясы екі рет жаңаланды. Соңғы рет жазушының 100 жылдық мерейтойы қарсаңында уақыт талабына сай, жаңаша көзқараспен халқы сүйген қаламгердің суреткерлік келбетін кеңінен ашып көрсететін жаңа құнды мұрағаттарды пайдалана отырып жаңартылған.С.Мұқановтың 100 жылдығы ЮНЕСКО шешімімен аталып өтті. 2003 жылы Мәскеуде жазушыны еске алу іс-шаралары ұйымдастырылды.

计划您的访问

  • Мұқан Төлебаев көшесі, Медеу ауданы, 阿拉木图, 050013, 哈萨克斯坦

评论

A minimum rating of 1 star is required.
Please fill in your name.

创建您自己的音频之旅!

使用此系统的移动导游应用是免费的

开始

App preview on iOS, Android and Windows Phone