Museum

MuseumӘ.Қастеев атындағы өнер музейіндегі тифлотүсіндірме арқылы экскурсия

Museum info

About the museum

Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі үшқабатты ғимаратта орналасқан.Ғимараттың жалпы ауданы 19600 шаршы метр. Ғимарат жобасының авторлары Эльза Кузнецова, Ольга Наумова және Борис Новиков. Келушілер үшін музей ғимаратының есігі 1976 жылы ашылды. 1984 жылы музейге қазақ суретшісі, қазақ ұлттық кескіндеме мектебінің негізін қалаушы Әбілхан Қастеевтің есімі берілді. Музейде 14 экспонаттық зал бар.

Ғимарат тіктөртбұрышты, ішкі ауласы бар. Аула «Музей бағы» деп аталады. Аулаға екінші қабаттағы айналма галереядан шығуға  болады. Бақта гүлдер мен ағаштар өседі. Ғимарат іш жағынан ақшыл сары қыш тақташалармен қапталған. Ғимараттың сәулеті өзінің пластикалық көлемімен айшықты. Сыртында терезе ойықтарына кіріктірілген тік шығыңқы жерлері бар.

 Музейдің аумағында мүсіндер паркі бар. Паркте жетекші қазақстандық мүсіншілердің 20-ға жуық композициялары бар. Түнде парк күн батареясымен қоректендірілетін шамдармен жарықтандырылады. Парк келушілер үшін жыл бойы ашық.

Музейге кіретін орталық есіктің алдында Ә. Қастеевтің мүсіні тұр. Мүсіннің авторы  Нұрлан Далбай. Мүсіннің жаны көгалдандырылған, екі сәкі орнатылған.

Музейге кіретін жол ашық қалқа арқылы өтеді. Қалқа алты бағанаға орнатылған. Қалқаның астында ағаш сәкілер бар. Қалқаның алдында гүл отырғызылған қыш құмыралар қатары тұр. Музейдің айналасы жасыл алаң. Шөп, көп ағаштар өсіп тұр. Орталық кіреберістің алдында оң және сол жақта субұрқақтар бар. Сол жақта субұрқақтың жанында бұтағын кең жайған тал өсіп тұр.  Фойе екі қабатты алып жатқан үлкен кеңістіктен тұрады. Есікке қарама-қарсы – музейдің залдарына апаратын баспалдақ. Баспалдақтың оң және сол жақтарында дәрісханаға кіретін есік. Сол жақта касса және ақпараттық орталық – ресепшн орналасқан. Дәлізбен ары қарай гардероб және үшінші қабаттағы эспозицияға апаратын баспалдақ. Гардеробқа қарама-қарсы дәретхана бар. Оң жақта музейдің сувенирлік өнімдері сатылатын бутик орналасқан. Одан сәл ары таман «Индиго» бейнелеу өнері студиясы.

Фойенің және екінші қабаттағы кіріспе залдың едендері мен қабырғалары мәрмәрдан жасалған. Қалған залдардың едендері паркет.

Кіріспе залдың төбесі биіктігі шамамен 30 метр болатын әйнек пирамидамен жабылған. Дәл осындай, бірақ көлемі әлдеқайда кіші пирамидалар үшінші қабаттағы экспозициялық залдардың қосымша табиғи жарық көзі болып табылады.

Ә. Қастеев атындағы ҚР мемлекеттік өнер музейі еліміздегі ең ірі көркем өнер музейі және бейнелеу өнері саласындағы жетекші ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту орталығы болып табылады

Халықаралық қолжетімді музейлер жобасының аясында көркем шығарманы ауызша баяндау аудиоэкскурсиясын «Аржан» Қоғамдық қоры, Роза Люксембург қорының Мәскеудегі филиалы, Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі мен Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханамен бірлесіп дайындады.

Plan your visit

  • мкр. Коктем–3, д. 22/1
    Алма-Ата, Kazakhstan

Reviews

1 review

Review this tour
A minimum rating of 1 star is required.
Please fill in your name.
  • Егор

    5 out of 5 rating 06-15-2017

    Аудиогиды для слабовидящих людей – очень достойная тема. Ведущие музеи мира сечас активно работают над подобными экскурсиями для людей с ограниченными возможностями и так здорово, что Алма-Атинский музей в числе передовиков.

Sponsors of this museum

Create your own audio tours!

Use of the system and the mobile guide app is free

Start

App preview on iOS, Android and Windows Phone